
Songtext
Wähl bis zu sechs Zeilen für eine Karte aus.
Белгісіз сиқыр күш
Мені саған қарай
Тартады, бұғаттады санамды менің
Сенің бейнең
Көз алдымда
Сақталды, қарауға дәт бармады
Айта бер әңгімеңді
Таңға дейін жалғап
Құлақ түріп тыңдап
Отырайын таңдана
Арнай бер тек маған
Жыр өлеңдеріңді
Болайын мен ғана
Сенің музаң таңдалған
Сол қиялыңды шын қылайын
Асығамын бірден жылы бөлмеңе
Ойланбай тартылдым өзіңе
Әндерімді саған арнаймын
Түсімдегі муза енді өңімде
Айтшы қалай бақытсыз болайын?
Іштей өртеп барады жалын
Оны сөндірмейді жауын да
Ұялып үнсіз күлесің
Бірақ та қарсы емессің
Сенің беліңде қолдарым
Келесі қадамды маған қалдыр
Өшірейік жарықты айт
Ұялмай
Айта бер әңгімеңді
Таңға дейін жалғап
Құлақ түріп тыңдап
Отырайын таңдана
Арнай бер тек маған
Жыр өлеңдеріңді
Болайын мен ғана
Сенің музаң таңдалған
Сыбырлап саған айтамын
Құпия сезімімді
Жылуың тарап
Жан тәнімеде сезілді
Сол бір күлкің болғандай
Жүрегіме қару
Қасыңда оңай жану
Тек мүмкін емес тоқтату
Айта бер әңгімеңді
Таңға дейін жалғап
Құлақ түріп тыңдап
Отырайын таңдана
Арнай бер тек маған
Жыр өлеңдеріңді
Болайын мен ғана
Сенің музаң таңдалған
Wähle Zeilen aus, um sie zu teilen. Du kannst bis zu 6 Zeilen auswählen. Mit den Pfeiltasten wechselst du zwischen Zeilen, die Leertaste wählt aus, Umschalt mit den Pfeiltasten wählt einen Bereich, Escape hebt die Auswahl auf.